МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

675 көрілім

Түркістанда «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» салтанатты шарасы жалғасып жатыр. Жиын барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев «Түркістан облысына Маңғыстаудан тарту» кіші архитектуралық ескерткішін салтанатты түрде ашты. Облыс әкімінің орынбасары Түркістанға Маңғыстау облысы әкімінің ыстық сәлемін жолдап, бұл сапар ежелгі адамзат өркениетінің озық жетістігі – Ұлы Жібек жолының сан тарамдары кесіп өткен қос өңірдің сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани байланысының жаңа бір деңгейге шығатынын айтты.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан мен Маңғыстау жұртшылығын мәдени шараның ашылуымен құттықтады. Шарада Түркі әлеміне танымал дизайнер Тәрбия Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлерінің» көрсетілімі қойылды. Одан кейін «Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі» атты III Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Онда дүниежүзінің 20 астам ғалымдары мен Серікболтанушылар қатысты.

Бұдан бөлек, Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі және Маңғыстау облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы көрмесінің таныстырылымы өтті. Сонымен қатар Түркістан Конгресс холлында өткен гала концертте Маңғыстаудан жеткен өнер керуені жыр мен әннен шашу шашып, мерекелік шараның берекесін келтірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы