Мәдени-рухани орталық визит центр ғимаратының маңында «Шылым шегу туралы шындық» атты «Smokefree Kazakstan Coalition», «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі», «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» қолдауымен 4 күнге жоспарланған көрме өткізілуде.

Іс шара Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай ұйыдастырылып, еліміздің бірқатар қалаларында жалғасын тауып, бүгінде Түркістанға келіп жетті. Тұрғындармен қала қонақтары көрме барысында темекі өнімдерінің ( GLO, IQOS, вейптердің) адам организміне, қоршаған ортамызға қаншалықты қауіпті екенділігі жақыннан таныстырылды.
«Шылым шегу – қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейдегі ең үлкен проблема. Оның салдарынан 1 жылда 8 миллионнан астам адам қаза тапты. Сонымен қатар тек адам деңсаулығына зиян тигізе қоймай, экологияның құртылуына да себепші. Мысалы, темекі дайындау үшін 600 млн ағаш, 200 мың жер алқабы, 84 млн СО2 газы және 22 млрд тонна су жұмсалады, алайда тигізетін пайдасы жоқ. Қазір темекінің бағасы 600 теңгені құрап отыр, есептеп көрсек бір аптада 4200 теңге, бір жылда 219000 теңге бекерге жұмсалуда, оның орнына отбасынды қуантып, қыдырып қайтсаң қандай жақсы», – дейді мониторинг үйлестірушісі Наталья Чанова.

Бұл көрменің басты мақсаты шылым жегудің, кальянның, электронды темекілердің, вейптердің зиян екендігін халыққа түрлі құралдар арқылы түсіндіру. 2003 жылдан бері қолданылып келе жатқан өкпемен, яғни сау жануардың өкпесі, шылым шеккен адамның жанына жіберілген жануардың өкпесі, шылым шеккеннен кейін жұмысын тоқтатқан өкпе деп үш түрін көзбе-көз көрсетілді.

Көрменің ұйымдастырылуына ат салысқан, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің студенттері Смайыл Қосдәулет пен Туремурат Акберген тұрғындарымызға шылым шегудің соңы жақсылыққа апармайтынын, қауіпті ауруларды алып келетінін, жастар арасында қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген кальянның жұқпалы ауруларды туғызатынын сөз етіп, олардың ішіндегі улы элементтерді көрсетті. Сондай-ақ темекі шегетін адамның тілі «шашты» болып келеді, ал ол бактериялардың қоныстануына себепкер екендігін еске салып, жастарды шылым шегуден ұзақ тұруға шақырды.
Назым ТУГОЗБАЕВА, ХҚТУ студенті.
