Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің қорғау аймағының сыртында орналасқан екіқабатты «Жеті Таңдыр» дәмханасының екінші қабатында сағат 11:48-де өрт шықты. Аумағы 400 шаршы метр болатын дәмхананың шатырын өрт шарпыды. Сағат 12:50-де өрт сөндірілді.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылған.

ТЖД-ның алғашқы көмегі өрт басталғаннан кейін 6 минуттан кейін келген. Өрт барысында зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
“ТҮРКІСТАН АҚПАРАТ”.
