ТҮРКІСТАНДА ЖАСЫЛ ШАРБАҚ САП ТҮЗЕУДЕ

2  065 көрілім

Төңірегімізді күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызу сияқты ілкімді істер шаһарымызды жасыл қалаға айналдырудың алғышарты деп түсінсек керек. Осы бағытта қала әкімдігі Түркістанды жасыл қалаға айналдыру мақсатында біраз шараларды қолға алған. Соның бірі орталық көшелердің бойына тығыз орналасқан аршалар сап түзеп келе жатқаны белгілі. Бұны жасыл шарбақ десек болатын шығар. Мамандардың айтуынша арша ағашы бойынан оттегіні көп бөлетін өсімдіктердің қатарына жатады екен.


Міне, осы қылқан жапырақты көшеттер қазір Түркістан қаласындағы Тәуке хан, С.Қожанов көшелерінің бойына отырғызылып жатыр. «Жасыл ел» ЖШС мердігерлік етіп жатқан жұмыстар бойынша аталмыш мекеме басшысы Бақытхан Жүнісовпен тілдесіп едік. «Жасыл Түркістан» коммуналдық мекемесінің тапсырысы бойынша қыркүйек айының соңына дейін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі екен.

Оған 4 эксковатор, 2 су тасығыш көлік, 4 жүк көлігі және 35 адам жұмысқа тартылған. «Жасыл ел» ЖШС-ның еңбеккерлері орман шаруашылығының мамандары екенін айта кеткеніміз жөн болар. Қалада 6 көше көгалдандырылмақ. Ол үшін 13 мың түптен аса арша (туя), қарағай тұқымдас ағаштар (сосна) егілуде. Қазіргі таңда жүктелген міндетті өз мерзіміне сай атқарып келе жатқан «жасылелдіктер» ағаштардың өнімділігін бақылауда ұстайтындықтарын жеткізді.

“Түркістан ақпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы