«ШОПАННЫҢ АСАТАЯҒЫ» АЙРЫҚША ӨНЕРТАБЫСҚА АЙНАЛМАҚ

436 көрілім

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында мал шаруашылығына арналған таптырмас құрылғыны ойлап тапқан ғалымдар бас қосты. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Ж.Тасов қатысып, ғалымдарды «Шопанның асатаяғы» атты еңбекке патент берілгендігімен құттықтады. Жиында ҰҒА корреспондент-мүшесі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы және  патент авторларының бірі Ә.Омбаев пен зейнеткер ғалым, «шопанның асатаяғын» ойлап тапқан өнертапқыш  С.Тәшенұлы сөз сөйлеп, аталған құрылғының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін таныстырды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл өнертабысты үлкен шаруа қожалықтарында қой шаруашылығына қолдануға болады. Құрылғы қойларды үздіксіз бақылауға және шопанның жұмысын жақсартуға арналған. Ал асатаяқтың құрамы бірнеше секциялардан тұрады. Атап айтсақ, түнгі уақыттарға арналған жарықшам, сигнализация, адамдарға не қойларға медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, қойларды ұстауға арналған қайырмалы ілмек, от жағуға және сигнал беруге арналған құрал-жабдықтармен қатар компас та бар. Ең қызығы «шопанның асатаяғында» қойлардың бағытын анықтайтын DJI Mavic дроны мен Smart Controller қашықтан басқару пульті секілді  заманауи құралдар болмақ.

– Мемлекет тарапынан қолдау жасалса, бұл өнертабыс барлық мал шаруашылығы дамыған елдердің қызығушылығын аудартатынына сенім мол – дейді Ә.Омбаев.

Басқосу соңында қала әкімінің орынбасары Ж.Тасов ғалым С.Тәшеновке шапан жапса, ҚазҰАЗУ профессоры Ә.Омбаев Сұлтанбек ағамызға арнайы төсбелгі тағып, бір кездері өзі де білім алған оқу ордасының айрықша алғысын жеткізді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы