Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында 2 жабық кіші футбол алаңшасы өз жұмысын бастады. Алаңды ауыл азаматы, кәсіпкер Тұяқбаев Бақберген өз қаржысына салған. Жасанды алаң мен жабық ғимарат кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Футбол алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Айдарұлы, ауыл азаматтары, спорт сүйер қауым қатысты.

– Өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер осы спорт кешеннен табылатынына сенімдімін, – деді аудан әкімі. Ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа 10 команда қатысты. Ойын тартысты өтіп, жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға демеушілер тарапынан арнайы мақтау қағаздары мен дипломдар тапсырылды.
