ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА АТСАЛЫСУДА

637 көрілім

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтіп жатыр. Бұл референдум суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістерге жол ашатын болады. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам болып отыр. Яғни бұл дегеніңіз, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі деп білеміз. Қазіргі таңда Ата Заңымызда 98 бап болса, референдумда соның 33 бабына түзетулер енгізіледі. Бұл Конституцияның 3/1 бөлігі өзгереді. Конституциялық реформа негізінен барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталып отыр.


Түркістан қаласы мен Сауран ауданына қарасты бірнеше референдум учаскелеріне арнайы барып, саяси науқанның қалай өтіп жатқанын білу мақсатында алдымен Түркістан қаласындағы №110 референдум учаскесінде болып, өз таңдауымды жасадым. Референдум комиссиясының төрайымы Жәмила Оразқұлованың мәлімдеуінше учаскеде – 2491 сайлаушы бар болса, азанғы сағат: 9.00-ге дейін соның 228 өз таңдауын жасапты. Референдум учаскесі тағы сағат: 6.00-дан есігін ашып, Мемлекеттік Әнұран шырқалып, 7-ден бастап сайлаушылар келе бастаған. Тағы сағат: 7.00-8.00-дің өзінде 100-ге тарта тұрғын келіп, дауыс бергінін, алғашқы келген сайлаушылар сый-сияпат алғанын жеткізді.


Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №4-ші жалпы орта мектепте орналасқан №113-ші референдум учаскесі таңғы 7.00-де есігін ашып, сайлаушыларды қабылдай бастады. Мұнда мөлтек ауданның тұрғындары мен ондаған көшенің тұрғындары тіркелген. Барлығы – 2363 тұрғын қатысады. Референдум комиссиясының төрайымы, мектеп директоры Гүлбану Өсербаеваның айтуынша мөлтек аудан тұрғындары белсенді екенін жеткізді.

Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округінің орта мектебіндегі №82-ші референдум учаскесі таңғы 6-30-да есігін айқара ашты. Бабайқорған ауылдық округінде – 6920 адам тұратын болса, олардың 1280-і референдумға келіп, өз таңдауын жасайды. Учаске комиссиясының мүшесі Орынбек Абылаевтың айтуынша егде жастағы қарттар мен мүгедек жандарға үйлеріне барып қызмет көрсететін топ бекітілген екен.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы