ҰСТАЗ ҰЛЫ ЖАН

415 көрілім

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз.

«Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстазға тән бар қасиет пен талантты, мейірімділік пен қарапайымдылықты бойына жия білген Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы – Лаззат Рысбекова туралы әңгіме өрбітсек.

Лаззат Рысбекова 1966 жылдың 10 қазанында,Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.1984 жылы Алматы қаласы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына оқуға қабылданып, осы аталған институтты 1989 жылы бітірді. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген. 1989-1994 жылдары Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі. 2002-2003 жылдары Ататүрік атындағы мектеп гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі. 2003 жылдан 2021жылға дейін Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогикалық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Филология факультеті «Әлем тілдері» кафедрасының магистр-аға оқытушысы. Алпысқа жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың және 2 оқу құралы, 3 әдістемелік және 1 көмекші құралдың авторы. Осы уақытқа дейін 200ден астамы шәкірт тәрбиелеп, оның ішінде Асел Тасова, Бауыржан Сайфуддинов, магистр Рауан Момбекова, Гулжаухар Шынпейіс, Италияда Ақбота сынды шәкірттері елі үшін еңбек етуде. Отбасылы, 1ұл, 2қыз тәрбиелеп отырған ана, 3 немеренің әжесі. Жолдасы,ұ лы мен қызы дәрігер. Кішкентайы 9 сынып оқушысы. Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерінен білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Айдын ӘКБАРҚАНҰЛЫ, ХҚТУ 1-курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы