«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы» атты үлгілі отбасылар арасында өтетін байқаудың ережесі
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру, келешек ұрпақтың көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын – ала ойластыру мақсатында “Өнегелі отбасы” байқауы 2019 жылдың 13 қыркүйегінде сағат: 11.00-де қалалық мәдениет үйінде өткізіледі.
– Қатысушылардың ұлтына шек қойылмайды;
– Үміткерлердің жас ерекшелігі 45 жастан аспауы керек;
1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» Таныстыру
2. «Білгенге маржан» Сұрақ-жауап
3. Отбасындағы отағасының сүйікті тағамы (салат,әр түрлі
тағамдар)
3. «Өнерлі өрге жүзер» Отбасылар өнері
Жеңімпаздарға арнайы жүлделер тапсырылады.
Байқауға қатысушы үміткерлер 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін төмендегі құжаттар бойынша мәдениет үйіне тапсыруы тиіс:
– Өтініші;
– Отбасы туралы портфолио дайындау
– Өмірбаяндары
(Отбасын құрған жылы, қызметтері,басқа да ерекшеліктері)
– Түрлі-түсті суреті: 13 х 18 (Отбасымен);
– Жеке кәулігі (Отағасы мен отанасының);
– Отбасы мүшелері туралы мәлімет (әжесі, атасы,әкесі, анасы, балалары)
Анықтама алу үшін: Қалалық мәдениет үйі,
Есімхан алаңы, 1.
Тел: 4-21-81, 8777 916 39 50, 8 775 276 62 75
8702 355 02 77
Ұйымдастыру алқасы қалалық мәдениет үйі