ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БАСТАУЫ

558 көрілім

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік басқару академиясында  «Конституциялық реформа» тақырыбында семинар болып өтті. Қоғам белсенділері, студент жастар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен семинар алдағы 5 маусым күні болатын референдум  тақырыбына арналды.

Семинар барысында қоғам белсенділері ел президентінің жолдауындағы референдум мәселесін тілге тиек ете отырып, жалпы референдум сөзінің мағынасы мен референдумның елімізде қалыптасуы мен дамуы туралы өз пікірлерін білдірді.

Мемлекеттік маңызы бар дауыс беруге әр 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшалары қатысып өз таңдауларын жасай алатынын және дауыс беру барысында қандай ережелердің қатаң сақталу керек екенін тыңдармандарға кеңінен түсіндіріп өтті. Семинар соңында  қатысушылар 2 сағатқа созылған жиын барысында түсінгендерін ортаға салып, сұрақ қойып, бір – бірімен пікір алмасты.

Жаннұр МҰСАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы