«МАҚТАНЫШЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР!»

1  000 көрілім

Бүгін, Түркістан облысы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай ашық аспан астында  «Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер!»  атты іс-шара өтті.   Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұран орындаумен басталды. Түркістан облыстық  «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы іс-шараны ашып, мемлекеттік рәміздеріміз туралы кеңінен тоқталып өтті.  Шара барысында «Фараб»  кітапханасының кітапханашылары  Мейрамбек Мырзахметов пен бірге Хор орындады.

Салтанатты жиынға арнайы кітап көрмесі қойылып, оны Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының, өлкетану бөлімінің меңгерушісі Динара Берікқызы қонақтар мен кітапхана оқырмандарына таныстырды. Сонымен қатар, Түркістан қаласы балалар мен жасөспірімдер орталығының «Көркемсөз» үйірмесінің оқушылары мемлекеттік рәміздер туралы өлең оқып,жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

Аталмыш шараға Ұлы Отан соғысына теңестірілген тыл ардагерлеріКеңес Мәрсалиев пен Өтепберген Қуанышбаев егемендігіміздің таңбасы болған рәміздер күнімен құттықтап, өскелең ұрпаққа бабалар аманатына мәңгілік қорған болуды тапсырды. Өткізілген шара мақсаты мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттау және де жас ұрпақты патриотизмге баулуға үндеді.

Жазира ЖАҚСЫБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы