ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

386 көрілім

Түркістан облысының тәртіп сақшылары «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында іс-шара ұйымдастырды. Оған Түркістан облысы ПД полицейлері мен «Жеңіс» саябағына серуендеуге келген балалар қатысты.

Полицейлер іс-шараны балалармен бірге асфальтқа сурет салудан бастады. Сондай-ақ олардың назарына Жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдылары көрсетілді. Полиция полковнигі Б.Сапар кішкентай достарға ТО ПД бастығының мерекелік құттықтауын жеткізіп, балаларға арналған сыйлықтарын табыстады.

«Балаларды қорғау күні» қарсаңында өздеріңізді қуантқымыз келді. Баршаңызға белгілі 2022 жылды Президентіміз Қ.Тоқаев, «Балалар жылы» деп жариялады. Бәріміз де балаларымыз үшін, солардың болашағы үшін жүрген жандармыз. Ендеше аспаннан күн сөнбесін, жүздеріңнен күлкі кетпесін жас достар!”, – деді департамент бастығының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы