ҚҰРБАН БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

459 көрілім

Түлкібас ауданында құрбан болған азаматтарды еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысып, ел тарихы үшін бұл шараның бар маңыздылығын атап өтті. Деректерге сүйенсек, Түлкібас ауданы бойынша 380 адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Жазықсыз жапа шеккендер 1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы Заңы аясында ақталған.

Іс-шара соңында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сол бір қиын-қыстау заманда қаза тапқан ата-бабалардың құрметіне 1 минуттық үнсіздік жарияланып, рухтарына құран бағышталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы