ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

557 көрілім

1-ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Балалар бақытымыз!» атты мерекелік концерт өтті.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлауды көздеген шараға қала әкімі Н.Тұрашбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Мұстафаева қатысып, бүлдіршіндерді келе жатқан шуақты мерекемен құттықтады.

– Бала – біздің болашағымыз. Мемлекет тарапынан жасалған қандай да бір іс-шаралар балалар үшін, болашағымыз үшін. Дана халқымыз «қарағайға қарап тал өседі, қатарына қарап бала өседі» деген екі қатар сөзбен-ақ балалардың өсіп-өркендеуіне, мәдениетті болуына терең мән берген. Осында жиналған бүлдіршіндерімізге сынға, сынаққа мойымай, ертеңіне үмітпен қарағанына алғысымды білдіремін. Қаншама қиындықтарды жеңіп, еліміздің ертеңі балалар екенін түсіне білген ата-аналарға да қала халқының атынан рақмет айтамыз! – деді шаһар басшысы.

Тағдырдың сынына мойымай, асқақ арманға қанат қаққан қаршадай балаларға арналған мәдени іс-шараның  ұйымдастырушысы, қалалық «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Э.Бейсенованың айтуынша, бүгінгі концерттік бағдарлама 100 балаға арналып отыр.

 – Қаламыздағы 1300 мүмкіндігі шектеулі баланың бәрі көмекпен қамтылған. Сондай-ақ, балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында тұрақты түрде  оңалту орталықтарына жолдамалар беріліп, басқа да көмектер жасалып келеді, – дейді мерекелік іс-шара ұйымдастырушысы.

Аталған шара барысында шырқалған әуезді әндер мен мәнерлі билерден  бөлек, балаларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, концерт соңында түрлі танымдық ойындар жасалып, балалардың баршасы сүйіп көретін  «Трансформер» және «Өрмекші адам» шоуы ұйымдастырылды.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы