КОНСТИТУЦИЯ- ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ЗАҢДЫҚ КҮШІ БАР МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

522 көрілім

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесінің түпкілікті өзгеріп, билік пен азаматтар арасында жаңа, ашық, демократиялы қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйе түрлі көзқарастағы азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады.

Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшіріледі. Бұл жұрт алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Осылайша, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді. 

Айжамал Хайруллақызы, Заң ғылымдарының магистры, адвокат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы