- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін, Түркістан қаласындағы “Farab” кітапханасында ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагері, зейнеткерлер клубының мүшесі, өзінің өмір жолын медецина саласына арнаған, абзал жан Кеңес Мәрсәліұлымен «Өмірден өнеге түйген өрелім» атты кездесу кеші өтті.

Кездесуге Түркістан қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Түркістан қаласының құрметті азаматы Бақытжан Бейсембаев, ҚР мәдениет қайраткері, Түркістан облысы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы, жары Жұмакүл Шайдарова, қарындасы Раушан Өмірбекқызы, бірге қызмет жасаған жора-жолдастары және зиялы қауым өкілдері Кеңес ағамызды бүгінгі кешімен құттықтап келіп, қатысты.

Кездесу кеші барысында Кеңес ағамыздың өмір жолы мен осы күнге дейінгі жетістіктері бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, медецина саласында жасаған еңбегі жөнінде әңгіме өрбіді. Қонақтар тарапынан түрлі сұрақтар қойлып, Кеңес атамыздың қарындастарының атынан өлең жолдары арналды.Сондай-ақ, шараға қатыса алмаған достарының атынан бейне үндеу көрсетіліп, сәлемдеме жолданды. Өсіп-өнген, мерейлі отбасы, көпке үлгі болатын Кеңес ағамыздың өмір жолынан өнеге алатын жастарымыз көп болсын дейміз.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.