ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ӨМІРГЕ ӨТЕ ҚАУІПТІ ОТАЛАР ЖАСАЛДЫ

557 көрілім

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі гибридті ота сәтті жасалды. Бұл отаны Нұрсұлтан қаласының маманы, рентген-эндоваскулярлық хирург Евгений Мун қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп, науқастарға жасады. Науқастардың бірінде инфраренальды аорта мен мықын асты артериялардың анатомиялық күрделі аневризмасы, екінші науқаста кеуде аортасының төменгі бөлігінің қабықты аневризмасы анықталған.

Ауруханаға дейінгі кезеңде кеуде және іш қуысының аневризмалық кеңеюі анықталған. Ол – өмірге өте қауіпті болып табылады. Отадан кейін науқастар бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмекке жататын және жалпы анестезияны қажет етпейтін оталар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Рыжковтың бағалауы бойынша өңір дәрігерлерінің шеберлігі мақтауға тұрарлық. Ота барысы бірқалыпты өтті, ұжым үйлесімді жұмыс істеді. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай оталарды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы