КЕЛЕСТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРДІ

265 көрілім

Түркістан облысы аумағында “Абайлаңыз балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осыған орай Келес АПБ қызметкерлері белсенділік көрсетті. Аталған іс-шараға сәйкес полицейлер аймақтағы білім беру мекемелерін аралап, мектеп оқушыларына “Жол ережесін білесің бе?” атты дәріс өткізді. Онда оқушыларға әрбір жол белгісінің мағынасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер жолағынан өту тәртібі кеңірек баяндалып өтті. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына баса мән беріліп, олардың сақтық шараларын жатқа білуі үшін полицейлер барынша ықпал жасады.
Өз кезегінде мектеп мұғалімдері сақшыларға тағылымды шара үшін рахметтерін айтып, мұндай дәрістердің жиі өтіп тұрғанын қалайтындықтарын атап өтті. Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, оларды жолда жүру ережелерін үнемі сақтап жүруге дағдыландыру полиция қызметкерлерінің басты назарында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы