Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Хабар-Ахтал» ЖШС-ы әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Субъект «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасын орындамағаны үшін, атап айтқанда 2021 жылғы бекітілген инвестицивлық бағдарламаның орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Субъектіге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігімен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қозғалып, 306 300 теңге сомасына айыппұл салынды.
Әкімшілік айыппұл сомасы 7 тәулік ішінде төленуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.