Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Мақтаарал-Сервис» МКК мен «Альянс Транс Сервис» ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Субъектілер «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасын орындамағаны үшін, атап айтқанда 2021 жылғы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы жыл сайынғы есепті кешіктіріп ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Әр субъектіге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігімен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қозғалып, 306 300 теңге сомасына айыппұл салынды.
Әкімшілік айыппұл сомасы 7 тәулік ішінде төленуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.