«ҚОРҒАУ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ГЕ ТАРТА ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

477 көрілім

Түркістан облысында ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші аптасында іске қосылған «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасымен айыппұлдарын төлемей жүрген, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер дер кезінде анықталуда. Мәселен полицейлер жаңа бағдарлама қосылғаннан бері жол ережесін бұзған 200-ге жуық автокөлікті анықталды. Оның ішінде жалған нөмірмен жүрген «Toyota Land Cruiser» көлігі мен айыппұлы 3 миллион теңгеге жуық 30-ға тарта автокөлік бар. Ал қалған жүргізушілер жол қозғалысы ережесіне қатысты түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Барлық көліктер айыптұраққа жеткізілді. Қолданысқа енгізілген бағдарламамен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық шараларды күнделікті атқаруда. Мысалы күні кеше Б.Саттарханов пен Әмір Темір көшелерінің қиылысында тұрған полицейдің планшетіне Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан Б.Саттарханов көшесінде келе жатқан есепте жоқ «ВАЗ 2104» маркалы ресейлік көлік туралы ақпарат келіп түсті. Полицей дабыл бойынша бірден әрекет етіп, көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде ресейлік көліктің Ресей Федерациясы есебінен шығарылғаны анықталды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылып, көлігі сол сәтте эвакуатордың көмегімен айыптұраққа қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы