«ҚАРАМҰРТ-ГАЗ» ЖШС-Ы ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

576 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Қарамұрт-Газ» ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Субъект «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасын орындамағаны үшін, атап айтқанда, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы жыл сайынғы есепті кешіктіріп ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Субъектіге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабы 1-бөлігімен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қозғалып, 306 300 теңге сомасына айыппұл салынды.

Әкімшілік айыппұл сомасы 7 тәулік ішінде төленуге  жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы