Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Ленгір Су» МКК-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Субъект «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасын орындамағаны үшін, атап айтқанда 2021 жылғы бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жыл сайынғы есептерін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Субъектіге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігімен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қозғалып, жалпы сомасы 1 225 200 теңге айыппұл салынды. Әкімшілік айыппұл сомасы 7 тәулік ішінде төленуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.