Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Мақтаарал» КШТК-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Субъект «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасын орындамағаны үшін, атап айтқанда 2021 жылғы бекітілген инвестицивлық бағдарламаның орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Субъектіге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігімен қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қозғалып, 612 600 теңге сомасына айыппұл салынды.
Әкімшілік айыппұл сомасы 7 тәулік ішінде төленуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.