“ЖАС САРБАЗ” СЛЕТІ ӨТТІ

740 көрілім

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Ахмет Ясауи Колледжінің базасында “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтарының слеті ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сана-сезімін арттыру, әскери борышты өтер алдындағы шеберліктерін шыңдау және әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген бұл шараға 30-ға жуық колледж командалары қатысты.

Слет барысында әскери дайындық түрлері мен квест ойындарының байқауы өтті. Бұл байқауға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасында Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамынан, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасынан, облыстық “Жас Сарбаз” қозғалысынан, ЖОО-нан өкілдер болды. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың нәтижесі келесідей:

Жалпы командалық есепте 1-орынға «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі, 2- орынға Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі, 3- орынға №7 колледждері ие болды. Номинациялар бойынша АК-74 қаруын толық емес бөлшектеп жинақтау бойынша «Ең епті» номинациясымен ұлдар арасында -Төлебай Бақтияр (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі) ие болды. Қыздар арасында – Құдайберген Ұлбазар («Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі) Пневматикалық қарудан атыс жүргізу (Тир ату)
«Үздік сұрмерген» номинациясымен, ұлдар арасында – Естай Бекмұхамбек (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі);
Қыздар арасында – Шарипбекова Ақтолқын (№7 колледж) Әскери әуенмен жүріп өту бойынша «Үздік саптық дайындық» номинациясы
Сарыағаш медресе колледжінен келген команда жеңіп алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы