МАС ХАЛДЕ КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН 304 ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

511 көрілім

Мас күйінде көлік айдағандар – қылмыскерлер. Бүгінде елімізде ішімдік ішіп көлікті тізгіндеу салдарынан жол апаты орын алуда. Нәтижесінде жазықсыз жандар жарақаттанып, қайтыс болуда. Осыған сәйкес, елімізде мас жүргізушілерге қолданылатын заң күшейтілген. Ал тәртіп сақшылары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жасап қана қоймай, заңға бағынбағандарға шара қолдану үстінде.
Мысалы Түркістан облысының полицейлері жыл басында спирттік өнім тұтынған 304 көлік иесін ұстады. Оның барлығы көлік жүргізу куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынған. Аталған мәселеге орай, яғни мас жүргізушілердің қатысуымен 11 жол көлік оқиғасы орын алып, 5 адам қайтыс болған. Сондай-ақ 25 адам дене жарақатын алған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы