Бүгін, Парламент Мәжілісінің депутаты Абасов Қайнар Бегалыұлы Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданының жергілікті тұрғындарымен референдумды қолдау бойынша кездесуі өтті. Кездесуді «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы Парламент Мәжілісінің депутатымен таныстырып, кездесудің негізгі мақсатын айтып өтті.

Кездесу барысында Конституциялық өзгерістер бойынша қолданыстағы Ата заңның қандай баптарына өзгерістер енетіндігі жөнінде түсіндіріп өтіп, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізді.

Мөлтек аудан тұрғындарын 5 маусым дауыс беруге шақырды. Сонымен қатар мөлтек аудан тұрғындары Парламент Мәжілісінің депутатына өз сауалдарын қойып, бірнеше ұсыныстарын білдірді. Кездесудің соңында мөлтек аудан тұрғындары референдумға баршасының қатысатындықтарын жеткізді.
