Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының да мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. «Біз кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет. Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды. Себебі, нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады», – деді Президент. Бұл ретте Жолдауда айтылған жауапкершілігі мол нағыз бәсекелестікті орнату арқылы алдымызға қойған мақсатымызға жетуге жол ашты.
«Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. Мен бұл мәселеге 2019 жылғы Жолдауымда кеңірек тоқталдым. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным әрдайым өзекті. Осы орайда, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы өте маңызды. Бұған дейін Шымкент республикалық маңызы бар қалаға айналды. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп аталды. Бұл қай жағынан алсақ та, дұрыс қадам болды. Оны халық өте жылы қабылдады. Мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда осы үрдіс жалғасатынын айтқан едім»,-деп айтқан Президентіміздің сөзі бүгінде іс жүзінде дәлелденіп келеді. Бұл ретте небәрі 4 жыл толатын Түркістан облысы, орталығы исі мұсылман үшін қасиетті болған баба шаһардың қайта түлеуі, жаңаруы баршамызды қуантары анық. Бүгінгі таңда облыс орталығы қарқынды даму үстінде, Құдай бұйыртса әлі де дами бермек.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы: «Біз өзіміздің басты игілігіміз – тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз. Бұл – біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз. «Жаңа Қазақстанда біздің басты ұстанатын қағидамыз – әртүрлі көзқарастарды есепке ала отырып, біртұтас ұлтты сақтау», – деді Президент өз Жолдауында. Мен, ұрпақ тәрбиелеп, ел болашағы үшін қызмет етіп отырған ұстаз ретінде Президентіміз Қ.Тоқаевтың Жолдауын қолдай отырып, оның ары қарай іске асуына өз үлесімді қосатын боламын.
Диляферуз ТУРСУНБАЕВА, Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
