ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

591 көрілім

9 мамыр – “Жеңіс күні” мерекесіне орай спорттық сайыс ұйымдастырылып, жеке құрам мен ардагерлерден құралған командалар арасында футбол ойынынан турнир өтті. Салауатты өмір салтын ұстанған Ішкі істер органының қызметкерлері тартысты кездесуде өз шеберліктерін барынша көрсетті.

Ойын барысында әділ төрелік жасалып, жеңіске жеткен командалар іріктеліп алынды. Жүлделі орын алған командаларға арнайы кубог табысталып, бағалы сыйлықтар тарту етілді.
“Спорт-денсаулық кепілі” деген ұстанымды берік ұстанған ұйымдастырушыларға қатысушылар мұндай керемет турнир үшін ризашылықтарын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы