ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА ЗАҢДАР ҚАЖЕТ

518 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің осы жылдың қаңтар айындағы отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» айдарымен сөйлеген сөзінде, одан кейін наурыз айындағы Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқаты деңгейінің жақсаруы үшін түбегейлі реформаларды тез арада жүзеге асыру қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Ал, осы реформаларды ең алдымен Ата Заңымызға қазіргі заман талаптары мен халықтың мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуден бастау керектігі айдан анық екендігі баршаға аян еді.
Еліміздің басты Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың заңдылығына тиісті бағасын беру жөніндегі сұрауына Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің оң бағадағы қорытындысын алған Президентіміз осы жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселе бойынша халықтың еркі мен пікірін ескеру мақсатында 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының еліміздің өміріндегі түбегейлі оң бетбұрыстарға жасап жатқан қадамдарын және қоғам мен әрбір азаматтың пікірлері ескерілетін республикалық референдум өткізуді толығымен қолдаймын. Жаңа Қазакстанға жаңа заңдар, әсіресе ең алдымен, азамат пен қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауға арналған әрі тек сол бағытта жұмыс істейтін жаңа заңдар қажет.


Бақытжан Бейсембаев,
Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы