- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Ардагерлер қалалық кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, Төтенше жағдайлар басқармасы, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма, Полиция басқармасының бір топ қызметкерлерін құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашан мақтан тұтамыз. Біз үшін бұл күн – батырлық пен табандылықтың, Отан алдындағы борышқа адалдықтың мерекесі. Бабаларымыздың қаһармандық ерліктерін әрдайым ұрпаққа насихаттай отырып, оларды қайтпас қайсарлыққа тәрбиелеу әрбіріміздің азаматтық міндетіміз, – дейді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов: «Ерлік елге мұра! Биыл Ұлы Жеңістің 77 жылдығын атап өтеміз. Сұрапыл соғыста майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, талай боздақтарымыз ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Қаншама сарбаздарымыз ұрыс даласынан қайтпай қалды. 9-мамыр осы Отанымызға адалдықтың жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухына бас иіп, тағзым ететін күн», – дей келіп, жастарды патриоттыққа баулудың кемшін түсіп жатқан тұстарын да атап өтті.

Күш құрылымдарының атынан сөз сөйлеген Түркістан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, штаб бастығы Мұхамеджан Сәрсенбаев қала әкімі мен Ардагерлер кеңесі төрағасының сөзіне қосыла отырып, қоғам болып қолға алатын патриоттық тәрбиенің әрбір отбасынан басталатындығына тоқталып, әріптестеріне төл мерекесімен құттықтауын жеткізді.
«Түркістан-ақпарат»