«БАБАЛАР РУХЫ ҮН ҚАТТЫ» БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ

1  189 көрілім

 Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы және Балалар жылына орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Бабалар рухы үн қатты» деп аталатын дәстүрлі ән-терме, жыр толғау байқауы болып өтті. Байқау кіші топтан 11-17 жас аралығында, үлкен топтан 18-35 жас аралығындағы өнерпаздардың қатысуымен өтті. Сайыстың шарты бойынша өнерпаздар терме немесе халық әндері мен халық композиторларының әндерін орындады. Байқаудың шымылдығын ашып беру үшін  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Қажыбек Бекбосыновпен Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Әбдіжаппар Сәкенұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушы өнерпаздарға қазылық жасап, әділдігін көрсетіп, ҚР халық әртісі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Қажыбек Құдайбергенұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Ақсақалұлы, «Түркістан» газетінің редакция меңгерушісі, «Сауран» газетінің редакторы, ҚР журналистер одағының мүшесі Ләззат Қаныбекқызылар төрелік етті.

Жалпы байқауға қатысу үшін 30 үміткер бақ сынаған. Соның ішінен іріктеуден  кіші топтан 17 мектеп жасындағы балалар, үлкен топтан 6 өнерпаз өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқаудың басты мақсаты халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, Ұлы дала тарихынан сыр шертетін жыр термелердің тағылымдық маңызын насихаттау болып табылады. Ұлттық мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу болып табылады. Сонымен қатар, олардың өнерге деген құштарлығын арттыру, сахна құдіретін сезіне білуге үйрету. Жаңа жыр термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге әркімніңде өз үлесіе қосуы.

Күмбірлетіп күй тартып, ән шырқаған 18-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында 3 орынды Талғат Шагирбаев, Қалмахан Нұрлыбек және Айбану Бердалы иеленіп, ал 2 орынды Нұрдәулет Сұлтанұлы қанжығасына байласа, 1 орынды Ақнұр Ахметқызы жеңіп алды. Ересектер арасында Тұрар Тілеулиев Қапездің әні «Үш меркі» әнін орындап, бас жүлдеге ие болды. Ал 11-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында топ жарып ІІІ орынға Ұлпан Болатқызы,

Аяулым Өтебек, Бердәлі Орынбасарлар иеленді. Жүлделі ІІ орынды Фарида Асанбай, Ақтолқын Қалыбек, Нұрсұлтан Шәкіржановтар алды. І орынға Әскер Ұлдана, бас жүлдеге Әсел Арабдин ие болды. Дәстүрлі ән-терме, жыр толғау байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы