800 000 ТЕҢГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРГЕН АЛАЯҚ АНЫҚТАЛДЫ

471 көрілім

Түркістан ҚПБ-ға ауыл тұрғындары арызданған. Азамат Англия мемлекетіне әртүрлі жұмысқа орналастырып беремін деп, екеуінің сеніміне кірген. Жарты жыл өтіп кетсе де, өз уәдесін орындамаған. Екі жәбірленушіге 800 000 теңге шығын келтіріп, аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ер адам ұсталды. Ол берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жарты жылға жуық уақыт өтсе жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Жәбірленуші ақшасын қайтару мақсатында полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы