- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынов секілді алаш көсемдері бастаған халықтың еркіндік алуына, мәдениетке, оқу-білімге деген ықыласын арттыруды мақсат еткен, «Оян, қазақ» деп ұран тастаған демократиялық идеялар М.Әуезовтің де өмірлік мақсаты мен нысанасын белгілеуіне тірек болды.
Биыл Мұхтардай алып жазушының туғанына – 125 жыл. Жазушы өз заманында аса білімдар қазақтардың бірі болған. Көптеген жоғары оқу орындарында оқыған. Тұңғыш қазақ әдебиеті тарихының орыс тілі бойынша оқулықтарына авторлық еткені тағы бар. Қарапайым қазақтар туралы пьессалар, әңгімелер жазған талғампаз, әрі талантты тұлға.
Ол туралы естеліктерде замандастары бала Мұхтарды елгезек, бауырмал, ізгілікті, сырбаз адам деп сыйпаттаған. Сонау балалық шағынан бастау алған шығармашылығына сүйсінген, оның кестелі тілі дала үніндей әуезді екенін айтқан.
Бірде бұл үн бірер жылға мүлдем тынып қалды. Жазушы қуғын-сүргіннің алғашқы легіне ілікті. Айыпталушы деген айдар тағылып, екі жылға шығармашылығы кешеуілдеді. Театр репертуарынан пьессалары алынып, жұмысынан қуылды. Осындай сәтсіз кезеңді біз, жазушының сағын сындыра алмағандықтан, айбынын баса алмағандықтан, өзінің туған тілі мен көркем әдебиетінен айыра алмағандықтан Мұхтардың алған асуы деп атаймыз. Сол тұстан бастап ол, Абай өміріне ден қойды. Нәтижесінде бүгінде Абайды Мұхтар өзінің Абай жолы роман-эпопеясы арқылы әлемге танытты.
М.Әуезовтің театр және кино өнері, әдебиет тарихы мен фольклор, әсіресе Абайтану мен көркем аударма саласындағы еңбегімен қатар, ана тілімізді дамытуға қосқан үлесі өте зор. Себебі, Мұхтар қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Ол сонымен қатар, ана тіліміз тек қатынас құрал ғана емес, ана тілін білмейтін адамның ұлттық сезімі мен санасы толымды бола алмайтынын жазушы терең түсінді. Мұхтар – ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі болды.
Әуезов небәрі жиырма жасында өзінің көлемді туындысы «Еңлік-Кебекті» жазды. Бұл оның алғашқы сәтті қадамы болды. Шын еңбектің ғұмыры ұзақ болатыны сияқты Шекспирдің «Ромео мен Джульетто» хикаясымен желілес бұл пьессасы да, күні бүгінге дейін қазақ театр сахнасынан түспей келеді. Жас бола тұра қарымды болуы үшін де барлық жан-дүниесімен әдебиеттің төл перзенті болуы керек екендігі сөзсіз.
Ұлттық өнердің барлық саласында Мұхтар Әуезов салған сара жол, сайрап жатыр. Оның экциклопедиялық таным-білімі қазақ мәдениетінің жетілуін аса биік деңгейге көтеріп кетті.
Ж.ӨТЕНБАЕВА, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.