ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШТЫ

816 көрілім

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша ауданда биыл 173 азаматқа жаңа бизнес идеялары үшін грант беру жоспарланып отырған көрінеді. Ордабасы ауданының орталығы – Темірланда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3 айлық қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, грант алған Ләйлә Әбдімәжитқызы өз кәсібін бастап кетті.

Темірлан ауылындағы Қазыбек би көшесінің бойынан тігін шеберханасын ашқан іскер әйел жаңа бизнес идеяларға арналған жобадан 200 АЕК көлемінде грант иеленген. «Aisha» тігін шеберханасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл қатысып, кәсіп иесінің игілікті ісіне сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы