«ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН СПОРТ» АШЫҚ АЛАҢЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

964 көрілім

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы мерекесіне орай «Жасөспірімдерге арналған спорт» ашық алаңында спорттық жарыс болып өтті. Шараға жеке құрам қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Жұматаев пен басқа да ардагерлер толық құрамда қатысты.

Шараның мақсаты – спортпен әрқашан бірге болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Аталған іс-шарада қатысушылар кіші футболдан, гир тасын көтеруден, турникке тартылудан, арқан тартудан, қол күрестен және тапаншамен атудан жарысты. Жүлдеден үміткерлер өздерінің қаншалықты спортпен айналысатындықтарын көрсете білді.

Жеңімпаздар арасында топ жарып, ерекше өнер көрсете білген полицейлерге бағалы сыйлықтар, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының грамотасы және Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хаты арнайы кубокпен бірге табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы