БОЛАШАҚ ҚАРИЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

467 көрілім

Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы мешітте болашақ қарилар бақсынасты. Құран Кәрім мен азанды жатқа айтқан жарысқа 17 жасқа дейінгі 50-ге жуық қала мешіттерінде дәріс алып жатқан шәкірттер қатысты.

Азан мен отзыншы параны ойға тоқыған оқушылар өзара озаттарын анықтады. Атап айтсақ, азан айтудан жарыста Алтынбек Бекболат алдына жан салмай І орынға қол жеткізсе, ІІ орын Мұрат Атаханов, ІІІ орынды Нажибулла Нуруллаұлы иеленді. Сонымен қатар, Құран сөзін жатқа айтудан ІІІ орынды Атабек Мұсаевқа алса, ІІ орынды Нұрбакыт Шүкірбаев иеленді. І орын Бексұлтан Төлегенге бұйырды.

Аталмыш мешіттің жамағаты демеушілік жасаған қалалық сайыс соңында жеңімпаздарға алғыс хатпен қаржылай сый-сияпаттар үлестірілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы