ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНЕ ҚАРАСТЫ БӨЛІМДЕРДЕ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

2  612 көрілім

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясында мәслихат депутаттарының шешімімен қала әкімдігіне қарасты бөлімдер атауы өзгертіліп, саны азайды. Тіпті, кейбір бөлімдер біріктірілді. Сонымен қатар, жаңа бөлім пайда болып, бүгінде жалпы саны 16-ға қысқарды. Айта кетейік, осыған дейін әкімдікке қарасты бөлімдер саны 18 болатын. Енді, білім бөлімі – адами капиталды дамыту бөлімі, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі – инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі, бизнесті қолдау және туризм бөлімі – кәсіпкерлік пен туризм бөлімдерінің біріктірілген атауы, сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт бөлімі – спортты дамыту бөлімі, ветеринария мен ауыл шаруашылығы бөлімі – ветеринария және тамақ қауіпсіздігі бөлімі болып өзгертілсе, ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі біріктірілді. Сонымен қатар жаңадан урбанистика бөлімі құрылды. Жаңа бөлімнің мақсаты – адамға қолайлы жағдай жасау. Ал, бұл ретте қала әкімдігі аппаратының басшысы Қанат Мылтықбеков аз уақыт ішінде ережелері дайын болатынын тілге тиек етті.


Жалпы, Сүлеймен Арыстанов төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджетттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің құрылымын бекіту, Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия және Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы шешіміне өзгеріс енгізу. Иә, халық қалаулылары бұл жолғы мәселелерді аса іждаһаттылықпен талқылады. Өйткені, олар бұл өзгерістердің қаншалықты тиімді екендігіне баса назар салды. Нәтижесінде, мәслихат депутаттары тиісінше оң көзқарас танытып, бірауыздан қолдау білдірді.


«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы