АҚТӨБЕЛІК АҚЫНДАРМЕН ӨТКЕН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

1  057 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында Ақтөбе облысының мәдениет күндеріне арналған «Ақтөбе әдебиет ордасы» атты ақын-жазушылардың әдеби кездесу кеші өтті. Шараның негізгі мақсаты киелі Түркістан шаһарында арайлы Ақтөбе өңірінің өнері, мәдениеті мен әдебиетінің кеңінен насихаттау.


Ауқымды шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, ақын-сазгер Орал-Қосай Байсеңгір жүргізіп отырды. Әдеби-сазды кештің шымылдығын Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова ашып, ақын-жазушыларымыз айрықша өшпейтін із қалдырған, біз соны қазіргі таңда жастарымыздың бойна дарыта отырып, поэзия әлемінің сырын аша білуіміз қажет дей келе, жиналған көпшілікке өз алғысын жеткізді.
Салтанатты жиынға Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Ертай Ашықбаев, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, тарихшы, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бижан Қалмағанбетов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Светқали Нұржан, Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, қалалық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.


Ақтөбелік қонақтар өз туындыларын оқып, әдебиетсүйер қауыммен сұхбат құрды. Кеш соңында қаламгерлер кітапханаға өздерінің жаңа жыр жинақтарын тарту етті.


Сонымен қатар «Ақтөбе кітапханасы» кітаптар қоры мен «Алтын аймақ-Ақтөбе» фотокөрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Кітапханаға келген балалар аспан әлеміне саяхат жасап, «Алақай» облыстық қуыршақ театрының «Жадыра жайна достар» қойылымын тамашалады.

Арайлым Мейрамханқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы