Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Сауран-Су» МКК-ның суды таратушы желiлер арқылы беру қызметі бойынша тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау 2022 жылғы 19 сәуірде сағат 15:00-де Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Министрліктің аумақтық департаменттер үйі 160 орам, 254 құрылыс мекен-жайында өтеді.
Сонымен қатар, жария тыңдауға Түркістан облысының тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қатыса алады.
(https://www.facebook.com/groups/2005155806263888)
Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Анықтама телефоны: +7 (72533) 5-75-51.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
