900 ГЕКТАР АУМАҚҚА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГІЛГЕН

623 көрілім

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіндегі «Комилжон» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін Ресейге экспорттауды бастап та кетті. Шаруа қожалыққа тиесілі 12 гектар жерге ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Пекин», «Магнус», «Зарисма» сорттары егілген.

2 гектар алқапқа егілген «Пекин» қырыққабатының 80 мың түп көшетінен алынған өнім 80 тоннаны құрап отыр. Биыл 900 гектар аумаққа қырыққабат егілген. Алдын-ала болжам бойынша 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда.

Қырыққабаттың басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталады, дейді Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбеков.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы