Тайқазанның құйылғанына 620 жыл.
Ғасырлардың куәсі болған киелі Қарнақта Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі үшін арнайы жасалған Тайқазанның құйылғанына 620 жыл толуына орай үлкен іс-шара өтті. Тебриздік ұста Абдул Әзиз ибн Шарафуддин құйған Тайқазан бүгінде кесенедегі құнды ескерткіштердің бірі болып табылады.


Абдул Әзиз ибн Шарафуддин ұрпағының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау қалаларынан арнайы қонақтар, ел ағалары, ақсақалдар, ғалымдар, Қарнақ ауылының тұрғындары қатысты. Алдымен қонақтар қасиетті мекенді тарихпен сусындатып отырған «Шаммат-Ишан» мұражайын, сосын 1300 жылдан бері өсіп тұрған алып тұт ағашын тамашалады. Шараның екінші бөлігі ұста Абдул Әзиздің ұрпағы Толқын Бабахановтың шаңырағында жалғасын тауып, қонақтар өздерінің мағынасы зор құнды дүниелерімен бөлісті.

Мақаланың толық мәтінін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.