«ҚОС ШЫНАР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

788 көрілім

Бүгін Түркістан облыстық фараб әмбебап ғылыми кітапханасында Қаламгер, радиожурналист Гүлсара Қаблановамен кездесу кеші болып өтті. Кездесуде автордың «Қос шынар» кітабының тұсауы кесілді.

Гүлсара Смайылқызы Оңтүстік қазақстан облысы, Келес ауданында дүниеге келген. 1972 жылы Калинин атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы тәмамдады. Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлығын, 2011 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын екінші рет алған.

«Қазақстан» телерадио Корпорациясының «Күміс жыршысы» белгісімен марапатталған. Қазақстанның «Мәдениет қайраткері».

«Қос шынар» кітабының таныстырылымына әйгілі Қазақ радиосының жүргізушісі Айгүл Ысқақова, тарих ғылымдарының докторы Қазыретәлі Тұрсынов, дінтанушы, ғалым Зікірия Жандарбек т.б марқасқалар қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.

Гүлсара Қабланованың алдағы шығармашылығына табыс тілеп, атаулы кітабының оқырманын табуына тілектестік білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы