КЕНТАУДА ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

942 көрілім

Бүгін, Кентау қаласы Ынтымақ алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азаматтық борышың!» атты жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Қала әкімі Рашид Аюпов әскердегі қызмет кешегі жасөспірімді Отанына адал ер азамат болуға тәрбиелейді. Әскери қызмет – сарбаз үшін ең жақсы өмір мектебі екенін атап өтіп, ақжол тіледі.

Сонымен қатар, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, Түркістан облысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді.Қарулы Күштер қатарына мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылған 50 бозбала жіберілуде. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға әскери ардагерлер, ата-аналар мен қала жастары шақырылды. Түркістан қаласынан әскерге кеткелі тұрған жас сарбаз Олжас Сүлейменов – Отан алдында ант беріп, елді қорғау жолында, алдымен әскерге баруға өз құрдастарын шақырды.

Қаланың абыз ақсақалы А.Жүзтаев қария жас Отан қорғаушыларға, бейбіт елдің тыныштығын күзетіп, тәуелсіздік туының желбіреуі әскеріміздің мықты да, берік болуы өздеріңіздің қолдарыңызда деп ақ батасын берді. Азаматтық борыштарын өтеуге арналған салтанатты шарада концертік бағдарлама көрсетілді.Айта кетейік, Кентау қаласында жастарды Отансүйгіштікке, елдің патриоты болуға арналған 22-ші сәуір күні «Айбын» әскери жаттығу ойындары, 7 мамыр жастардың шеруі өткізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін әскери рухты шаралар жалғасып, қорытынды шарасы облыс бойынша арнайы аталып өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы