Елдіктің жеті тұғыры

424 көрілім

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезекті фракция отырыс болып өтті. Жиын барысында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуі аясында пікір алмасу жүргізілді.

Елбасының кейінгі ұрпаққа үндеуіне қатысты сан саладағы маман ретінде мәслихат депутаттары Мақсат Асылбекұлы, Ғаппар Сәрсенбаев, Аманжол Данаханұлы, Айгүл Тілепова қатысып пікір білдірді. Білім, мәдениет, кәсіпкерлік бағыттарында еңбек етіп жүрген кадрлар «Елдіктің жеті тұғыры» кемел келешек кепілі екеніне сенім артады. «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Елбасының бұл үндеуін жастардың санасына бірлесіп сіңіруіміз қажет», – дейді депутаттар.

Елбасы жастарға үндеуінде дәл осы ойды меңзеді. Сонымен қатар ұлтаралық татулық ішкі тұрақтылықтың алтын діңгегі екенін атап өтті. Елімізде көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Олар сан салада қызмет атқарып, мемлекеттің дамуына өз септігін тигізуде.

Тәуелсіздігімізді 30 жыл бойы сақтап келе жатқанымызға себепші факторлардың бірі – ұлтаралық татуластық. Осындай Отанымыздан айырылмау үшін біздер, көп жұмыс істеуіміз керек. Біздің жастар білімге, сауаттылыққа тартылса, өте беделді, гүлденген ел болып қала береміз. «Бірлік пен келісім, отбасы мен салт-дәстүр, жер мен ұлттық мәдениет – барлығы да баға жетпес құндылық» – деп фракция төрағасы Сакен Мырзанұлы өз пікірін қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы