ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

353 көрілім

“Amanat” партиясының мүшесі, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Мәди Аманжол Данаханұлы Шауғар мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Аудан халқының өтініштері мен арыз-шағымдарын тыңдай отыра, кездесуге келген көпшілік жол сапасына көңілдері толмайтындығын түсіндірген.

Шауғар тұрғындары ауыз су мәселесінің шешімі табылмай тұрғандығын, газ жүйелері мен канализация жүйесінің жоқ екендігін айтты. Сонымен қатар, қоғамдық көліктің мәселесі ушығып тұрғандығын, көшелерге тас төсеу керек екендігін тұрғындар жеткізді.

Аудан халқының өтініштерін тыңдаған депутат жақын уақытта бұл мәселелер өз шешімін табатындығын жеткізді. Алдағы уақытта қоғамдық қабылдауда талқыланған мәселелердің өз шешімін табуына барынша ықпал жасайтындығын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы