Түркістан өңірінде сұйытылған газдың кесірінен туындаған оқиғаға байланысты Түркістан қаласының әкімдігінде қала тұрғындарын толықтай табиғи газбен қамтамасыз ету туралы жиналыс болып өтті.
Аталған мәселеге байланысты қалалық газ инспекциясы мекемесінің тексеруі бойынша 35375 тұрғын үй ішінен 12100 жеке тұрғын үй, 509 көше араланып акт түзілген. Заң талаптарына сәйкес газ жабдығын дұрыс қолданып отырған жеке тұрғын үйлер саны 1560, заң талаптарына сәйкес емес 10 540 жеке тұрғын үйлер анықталып ескертулер берілді және жұмыстар қарқынды жүруде.

Қазіргі таңда көп қабатты №1 және №2 мөлтек(мкр) ауданында аралау, бақылау барысында 967 пәтер тексеріліп, акт түзіліп ескерту жұмыстары жүргізілуде. Тексеру-зерттеу барысында көптеген қондырғы заңға сәйкес емес болып шыққан. Нақтылап айтқанда 8 көпқабатты тұрғын үйдің 204 пәтерінен заңғка сай келмейтін газ баллондары табылып, заң талабы бойынша пайдалануға рұхсат етілмейтіндігі туралы ескертулер берілген.
Аталмыш жиында газ мәселесін шұғыл арада шешу туралы Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков газбен толық қамтылмаған үйлерді тез арада жылумен қамдау туралы сектор басшыларына, жылумен қамту басшыларына сонымен қатар инспектор басшысына бірқатар тапсырмалар берді.
Жоспардағы шаралар бойынша құжаттандыру мәселесі тұрғындарды алаңдатқан жүйелі мәселе екені де атап өтіліп, толық құжаттандыру мен жылумен қамтамасыз ету бірінші шілдеге дейін 98 %-ға жеткізуге қатаң тапсырмалар жүктеліп, жүйелес жылумен қамту мәселесі бойынша кеңес дәуірінен қалған көпқабатты үйлер мен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген екіқабатты үйлер туралы нақты ақпарат тұрақтандырылып, 8 сәуірден бастап жіті тексеру, зерттеу жүргізу жұмыстары басталады.
Сөз соңында газ мәселесі туралы баяндама жасалып, тұрғындардың қауіпсіздігі барлығынан маңызды екені атап өтілді.
ЕРТІС ҚЫРАН.
