- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Сербияның Врбас қаласында өткен «Ұлттар Кубогы» 3-ші халықаралық турнирінде түркістандық былғары қолғап шебері Әділжан Жандарбек (63 келі салмақта) тамаша өнер көрсетті. Әлемнің 27 мемлекетінен 150 ден астам спортшылар қатысқан дүбірлі додада Әділжан күміс медалға қол жеткізді. Ә.Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ-нің спортшысы ақтық сынға дейінгі кездесулерінде Үндістан, Израйл елдерінің кіл мықтыларын тізе бүктірді. Тек ақтық сында ресейлік қарсыласына есе жіберді.
Естеріңізге сала кетсек, Әділжан бұдан алдын Балқаш қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын.
Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».