Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан тұрғын үй, көшені жарықтандыру және асфальттеу мәселесі, қаладағы ретсіз жатқан қоқыстарды тазалау, интернет желісін тарту, Атаулы әлеуметтік көмек мәселесі, Алатау батыр ауылындағы бірқатар ағын су қашыртқыларын тазалау, медициналық пункт мәселесі, ПУИД-2 құрылысын үдету, жер мәселесі, көшеге тас төсеу және тағы да басқа әлуметтік мәселелер айтылды. Аудан басшысы қойылған сауалдарға заңды жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ, облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
866 көрілім