ТҮРКІСТАНДА ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

619 көрілім

Сауран ауданы Бабайқорған ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 13 жастағы екі жасөспірімнің денесі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 2 сәуір күні кешкі уақытта болған.

Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй отқа оранып, 180 шаршы метр аумақ өртеніп кеткен. Өрттің салдарынан үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып түскен. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы